Объявления

Өскемен және Семей қалаларында сауда павильондарын жалға алу конкурсын жүргізу туралы хабарлама

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін сауда павильондарын жалдауға беру бойынша ашық конкурстың жүргізілуі  туралы хабарлайды.

Конкурстың атауы – сауда павильондарын жалға алу.
Лот бойынша сауда павильондарының мекенжайы:

 лот№

Мекенжайы

Саны

ҚҚС есебінсіз, жалдау құны (төмен емес)

1

Өскемен қ., Машиностроителей көш. №2 үйінің маңайында

1

45 000 теңге

2

Өскемен қ., Молдагулова көш. №17/1 үйінің маңайында

1

45 000 теңге

3

Өскемен қ., Қабанбай батыр көш. №91 үйінің маңайында

1

45 000 теңге

4

Семей қ. 1 ықшамаудан, «Шаңырақ» дүкенінің қасында

1

45 000 теңге

5

Семей қ. Силикатный кенті, №171 үйінің маңайында

1

45 000 теңге

Конкурсқа конкурстық құжаттарда аталған барлық біліктілік талаптарына сәйкес келетін, барлық әлеуетті қатысушылар қатыса алады.
Конкурстық құжаттар пакетінің көшірмелерін ҚР, Өскемен қ., Белинский көш. 36, №306 каб. мекенжайында немесе spkertis.kz. сайты бойынша 2021 ж. «26» қаңтар күні 10 сағ. 00 мин. дейінгі мерзімде алуға болады.

Әлеуетті қатысушылар конкурсқа қатысуға конкурс өтінімін «Ертіс» ӘКК» АҚ-на  ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Белинский көш. 36 үй мекенжайына тігілген және нөмірленген, конвертте желімделген түрінде ұсынады.

Өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 ж. «26» қаңтар 18 сағ. 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысуға конверттер ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Белинский көш. 36 үй мекенжайында 2021 ж. «27» қаңтар 11 сағ. 30 минутта  ашылатын болады.

Толығырақ ақпаратты:  +7 (7232)701128 телефоны бойынша алуға болады.