Главная / Новости / СЫЙЛЫҚ АЛАМЫН (БЕРЕМ) ДЕП СЫНАҚҚА ҰШЫРАМА!
Новости и статьи 08 March, 2024

СЫЙЛЫҚ АЛАМЫН (БЕРЕМ) ДЕП СЫНАҚҚА ҰШЫРАМА!

Жыл өткен сайын корпоративтік әдеп бағытындағы ережелер жаңаша өзгертулермен толықтырылуда. «Ертіс» ӘКК» АҚ жаңа өзгерістер жағдайында ұжымды ақпараттандыру тұрғысынан жүйелі жұмыс атқарып келеді. Наурыз айының бірінші декадасында, мерекелер қарсаңында акционерлік қоғамның комплаенс-офицері Ербол Кижиковтың жүргізуімен «Квазимемлекеттік секторда сыйлық алмасу ережелері» атты оқыту семинары өтті. Іс-шарада компанияға зияны тиюі мүмкін деген тәуекелдер айтылып, осы бағыттағы бұзушылықтарды реттейтін құжаттар мен басты Заң тыйымдары қарастырылды. Сондай-ақ, «сыйлық» деген ұғымның өзі де талқыланып, оны алу мен беру ережелерін бұзу салдары да түсіндіріліді.

Комплаенс-офицердің айтуынша сыйлық материалды немесе материалды емес болуы мүмкін. Айта кету керек, 2020 жылдан бастап квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне сыйлық алуға, қонақжайлық қолайлылықтарды пайдалануға толықтай тыйым салынған. Әсіресе, басшылар мен жетекші лауазымдағы қызметкерлер мен қандай да бір шешім қабылдауға құзырлы мамандар мұны түбегейлі ескеруі міндет. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңымен қатар бұл саланы тағы басқа 4 Кодекс реттейді және компанияларда сыйлық алу/беру саясаты қарастырады.

Мәселен, биыл жұмыс бабымен байланысыңыз бар адамға 2 АЕК (7384 тг) мөлшерінде сыйлық берсеңіз 700 мың теңгеден астам айыппұл төлейсіз, ал дәл сол сомада сыйлықты алған болсаңыз айыппұл 2 млн. теңгеден асып жығылады. Сонымен қатар, сыйлықты беріп те, алып та үлгергендер әкімшілік емес қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Жұмыс бабында тек бүкіл ұжымға бірдей берілетін жекелеген немесе ортақ сыйлыққа жол беріледі. 

Комплаенс қызметі квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне сыйлық алу мен беруде мұқият болғандарын ескертеді, себебі кей жағдайларда ол пара немесе сыбайластық болып есептелуі әбден мүмкін. Бастысы, заңды біліп, корпоративтік әдепті сақтап, ұжым ішінде сыбайластыққа жол бермейтін мәдениет қалыптастыру.

Аталмыш семинар соңында «Ертіс» ӘКК» АҚ 35 қызметкері тақырып бойынша білімдері сыналған арнайы тест тапсырды. 



Пресс-служба АО «СПК «Ертіс»