Басты бет / Жаңалықтар / Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау. Оны қалай жүргізу керек және тәуекелдер қалай анықталады?
Новости и статьи 04 қыркүйек, 2024

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау. Оны қалай жүргізу керек және тәуекелдер қалай анықталады?

2024 жылғы 3 қыркүйекте «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мен басшы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында семинар-кеңес өтті. «Ертіс» ӘКК» АҚ аппарат басшысы-корпоративтік хатшысы Ринат Арыстанбек төрағалық ететін жұмыс тобы семинарға қатысушыларды ішкі талдауобъектісімен, негізгі ұғымдармен және бағыттармен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары қатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі және сыртқы талдау да қамтылатыны белгілі. Егер сыртқы талдауды уәкілетті орган жүргізсе, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды осы бағыт бойынша жұмыс тобы жүргізеді. «Ертіс» ӘКК» АҚ ішкі талдау жөніндегі жұмыс тобында төраға – аппарат басшысы-корпоративтік хатшы, мүшелері – аудитор, заңгер және комплаенс-офицер тұрады. Талдаудың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау.

Семинар-кеңес барысында Р.Арыстанбек қатысушыларға аталмыш ішкі талдауға кіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесі туралы, талдау жүргізу кезеңдері және көрсетілген бағыттағы жұмысты барлық құрылымдық бөлімшелердің сапалы ұйымдастыруының маңыздылығы туралы ақпаратты жеткізді.

Сондай-ақ, Қоғамның комплаенс-офицері Ербол Кижиков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 30.12.2022 жылғы №488 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою әдістері туралы ақпаратты қатысушыларға жеткізді.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар, ішкі құжаттардың нормативтік-құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, құқықтық олқылықтар, НҚА және ішкі нормативтік құжаттар ережелерінің қайшылықтары, заңдық-лингвистикалық белгісіздік, дискрециялық өкілеттіктердің ауқымы және т.б. айтылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алудың әрбір бағыты бойынша индикаторлар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар-кеңеске қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қоя отырып, тәжірибеде кездескен тәуекелдердің алдын алу жағдайларының түйткілді тұстарын нақтылады.




«Ертіс» ӘКК» АҚ баспасөз-қызметі