ЖЕМІС-КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МАУСЫМЫ (2023-2024ж.ж.) СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде «Ертіс» ӘКК» АҚ бағаны тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының ішінен көкөніс бағасын тұрақтандыру аяқталды.
2023 жылдың қарашасынан ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша Корпорация екі жеткізушімен жұмыс істеді - «Агрофирма «Приречное» ЖШС және «Алтай» КТО» ЖШС. Келісімшарттық кезеңде «Приречное» агрофирмасы барлығы 5,5 тонна картоп, 1,4 тонна қырыққабат, 1,4 тонна пияз және 1,5 тоннадан астам сәбіз жеткізді. Ал бұл серіктестікпен келісім-шарт аяқталғаннан кейін «Алтай» КТО-мен жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көктемгі-жазғы маусымаралық мерзімге келісім-шарт жасалды. Көтерме-тарату орталығы 200 тонна картоп, 100 тонна қырыққабат, 100 тонна пияз, 100 тонна сәбіз өнімдерін сатып алып, жеткізді.
Тұрғындарға мәлім, 2011 жылдан бастап «Ертіс» ӘКК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым болып табылады. Бағаны тұрақтандыруға жататын тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысымен бекітілген 19 түрлі азық-түліктен тұрады.
«Ертіс» ӘКК» АҚ бағаны тұрақтандыру бағдарламасы – әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық қымбаттауына жол бермей, реттеу үшін қажетті механизмді іске асыру, сол арқылы Шығыс Қазақстан облысының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Айта кетерлігі, картоп, пияз, қырыққабат және сәбіздің бағасы егін жинау маусымын (тамыз, қыркүйек, қазан) қоспағанда, Корпорациямен 9 ай ішінде (қарашадан шілденің соңына дейін) тұрақтандырылады. Өйткені, егін жиналған соң көкөністердің құны өздігінен төмендейді, себебі нарыққа балғын өнімдер шығарылады. Ал қант, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, күнбағыс майы, ас тұзының бағасы жыл бойы тұрақты.
Әр өңірде бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған Комиссия шешіміне сәйкес, бағаны тұрақтандыруды талап ететін азық-түліктер тізімі аймақтағы нарықтық бағаларды және статистикалық деректерді ескере отырып жасақталады. Аталмыш Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласында бағаны тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның 23 сауда орнында жүргізілуде (19-ы жұмыс істейді, тағы 4 павильон бойынша конкурс өткізілуде). Биыл Корпорацияның сауда павильондары сөрелерінде 10 әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарлары сатылды. Оның 4-еуі жеміс-көкөніс өнімдері болса, 6-ауы азық-түлік өнімдері. Сақтау, орау, жеткізу ерекшеліктеріне байланысты сүт, ұн және ет өнімдеріне ғана баға бүгінгі таңда тұрақтандырылмай келеді. Алайда, өңірде салынып жатқан ірі инвестициялық жоба «Алтай» көтерме-тарату орталығы іске қосылса, әлеуметтік маңызды азық-түліктің барлық 19 түріне бағаны тұрақтандыруға қол жеткізілмек.
Корпорация сауда павильондарын кәсіпкерлерге конкурстық негізде жалға береді. Ол конкурс e-qazyna.kz ашық мемлекеттік реестр порталында өткізіледі. Сонымен қатар, қаладағы азық-түлік дүкендерімен өнімді үстеме бағасыз сату бойынша меморандумдар жасау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
«ШҚО баға тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету бойынша Комиссиясы» шешімімен алдағы маусымға (2024 жылдың күзінен 2025 жылдың жазы басталғанша) «Алтай» КТО» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, 5,5 тонна картоп, 1,3 тоннадан астам қырыққабат, 0,9 тонна пияз, 1,3 тонна сәбіз алдын ала контрактіленді. Бұл әрекет, өз кезегінде, бағаның маусымдық құбылуына жол бермеуге ықпал етпек.