«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабына және Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептіліктің дұрыстығын тексеру және растау үшін «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) конкурстық іріктеу негізінде кәсіби аудиторлық ұйымды (сыртқы аудитор) тартады.
Қоғам Жарғысының ережесiне сәйкес белгiленген тәртiппен қаржылық есептiлiк аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау Қоғамның Жалғыз акционерiнiң айрықша құзыретiне жатады.
Қоғам қызметiнiң сыртқы аудитiн жыл сайын аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Сыртқы аудитор қаржылық есептілік аудитін сатып алу туралы шарт шеңберінде жеке қаржылық есептілік аудитін жүргізу және Қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау бойынша қызметтер көрсетеді бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жай-күйі туралы сапалы ақпарат берілетін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес дайындалған қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз аудитордың пікірін білдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасына және бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізу шеңберінде ілеспе қызметтер көрсету тексерілетін объектінің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін айқындау, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу мәселелері бойынша консультациялар, қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша салықтық шолу жүргізу, бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды бағалау және т.б.
Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII Заңына сәйкес конкурстық негізде айқындалған Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтер бұрын:
1. 2025 жыл - «QAZAQAUDITOR» ЖШС 2024 жыл үшін Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтер үшін төленген сыйақы мөлшері ҚҚС-сыз 529 мың теңгені құрады;
2. 2024 жыл - «PREMIUM AUDITOR» ЖШС 2023 жылға Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтер үшін төленген сыйақы мөлшері ҚҚС-сыз 926 мың теңгені құрады;
3. 2023 жыл - «Қазына аудит company» ЖШС 2022 жылға Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтер үшін төленген сыйақы мөлшері ҚҚС-сыз 730,8 мың теңгені құрады;
4. 2022 жыл - «АТАМЕКЕН АУДИТ КОНСАЛТИНГ» ЖШС 2021 жыл үшін Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтер үшін төленген сыйақы мөлшері ҚҚС-сыз 880 мың теңгені құрады;
5. 2021 жыл - «UHY SAPA Consulting» ЖШС 2021 жылға Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтер үшін төленген сыйақы мөлшері ҚҚС-сыз 610 мың теңгені құрады;
Қаржылық есептілік аудитін жүргізген аудиторлық ұйымдардың бұрынғы қызметкерлері Қоғамға жұмысқа қабылданбады.