"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Космическая көшесі, № 21 үйдің аумағында ауданы 18 шаршы метр болатын сауда павильоны 11 айға мүліктік жалға берілетінін хабарлайды. Аталмыш сауда павильоны бағаны тұрақтандыру механизмін іске асыру аясында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ассортименттегі азық-түлік өнімдерін сатуға арналған.