Бүгін ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдастырған «Комплаенс-офицерлердің қызметін жақсарту» тақырыбында семинар-кеңес өтті, оған «Ертіс» ӘКК» АҚ комплаенс-офицері Е.Б. Кижиков қатысты.Кеңес барысында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының бас маманы М.Б. Қалиев комплаенс-офицерлер қызметінің негізгі бағыттарына, ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында комплаенс-офицерлер жиі кездесетін проблемаларға тоқталды.
Сондай-ақ, аталмыш іс-шарада нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытындағы жұмыстың тиімділігіне әсер ететін негізгі аспектілер талқыланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесіне де баса назар аударылды. Аталған бағытты жақсарту және күшейту үшін негізгі ұсынымдар қаралды. Олардың бірі - ұйымдағы осал тұстарды анықтауға және оларды жою бойынша шаралар әзірлеуге мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау. Сондай-ақ, тиімді ішкі талдау - сыбайлас жемқорлық әрекеттері туындағанға дейін олардың алдын алуға көмектеседі.
Маманның айтуынша, аталған ұсыныстарды енгізу ашықтықты арттыруға, ішкі бақылау сапасын жақсартуға және ұйымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл процестердi ұдайы жетiлдiру комплаенстi стратегиялық басқарудың бiр бөлiгi болуы тиiс, бұл ұйымның қызметiне ұзақмерзiмдi тұрақтылық пен сенiмдiлікті қамтамасыз етуге ықпал болмақ.