«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жаңа мекен-жайға көшуіне байланысты техникалық себептермен телефон номерлері уақытша жұмыс істемейтінін хабарлайды. Жауапты мамандар бұрынғы байланыс номерлерін іске қосуды тездетуге тырысуда. Байланыс номерлері телефония толық іске қосылған соң қосымша хабарланатын болады.
Уақытша кері байланыс құралы ретінде Instagram әлеуметтік желісіндегі @spk_ertis парақшасын (директке хабарлама қалдыру) немесе ресми сайттағы (www.spertis.kz) WhatsApp желісін пайдалануға болады. Сондай-ақ, баға тұрақтандыру бағдарламасы мен «Ауыл аманаты», «Кең дала2» бағдарламаларына қатысты сұрақтар бойынша call-орталық номері 8-705-120-53-67 істеп тұрғанын еске саламыз.