Басты бет / Жаңалықтар / КОНКУРС ШҚО, Өскемен қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар өңдеу жобасына қатысу үшін инвестор іздестіріледі
Новости и статьи 29 тамыз, 2024

КОНКУРС ШҚО, Өскемен қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар өңдеу жобасына қатысу үшін инвестор іздестіріледі

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы өңіріндегі қатты-коммуналдық қалдықтарды (қатты тұрмыстық қалдықтар) өңдеу жобасына қатысу үшін әлеуетті инвесторды тартуға конкурс жариялайды. Жобаның мәні облыс орталығы мен ШҚО аудандарында пайда болатын ҚТҚ көлемін қабылдау және кәдеге жарату, оны пайдалы өнім (электр энергиясы, отын немесе қайталама шикізат) алу арқылы қайта өңдеу және кәдеге жарамайтын қалдықтарды арнайы полигонға көму болып табылады.

 Конкурсқа өтінім беру үшін қажетті құжаттамаларды (өтінім, сауалнама, бизнес-жоспар және құжаттар топтамасы) мына сілтеме бойынша табуға болады: https://spkertis.kz/ru/projects/how-implement-your-project. Құжаттарды және өтінімдерді ұсыну кезеңі - 2024 жылғы 02-20 қыркүйек.