«Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Өскемен әуежайы» акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 100% нарықтық құнын бағалау үшін әлеуетті тәуелсіз консультантқа ұсыныстар сұратуды жариялайды. Әлеуетті тәуелсіз консультанттардың ұсыныстары «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқармасы 2024 жылғы 31 қазандағы № 45 бекіткен тәуелсіз консультантты іріктеу бойынша балдарды есептеу есебіне сәйкес бағаланатын болады. Өтінімді әлеуетті тәуелсіз консультант мөрленген конвертте 2024 жылғы 27 қарашаға дейін сағат 16:00-ге дейін ұсынады. Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 9 қабат мекенжайы бойынша («Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ кеңсесі) https://sauda.e-qazyna.kz/ru/auction-info/news .