Басты бет / Жаңалықтар / Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асыру туралы
Новости и статьи 17 ақпан, 2025

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асыру туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде "«Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - ӘКК) кәсіпкерлік субъектілеріне 2025 жылдың көктемгі-жазғы кезеңіне (мамыр, маусым, шілде) ішкі нарыққа реттеушілік ықпал көрсету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерге қарыз беру мүмкіндігін қарастыруда.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген және «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 316 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне көкөніс өнімдері кіреді: картоп, пияз, асханалық сәбіз, ақ қауданды қырыққабат.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:

1) заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;

3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;

5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;

6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;

7) мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуы. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл, банктік кепілдендіру, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде беріледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.

Кәсіпкерлер де, азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілер де (дистрибьюторлар) қатыса алады.

Мүдделілік жағдайында кәсіпкерлік субъектісі ӘКК-ге ұсыныс жіберуі қажет (қарыз сомасы, өнім бірлігінің құны, сақтау мүмкіндігі мен құны, сауда нүктелеріне жеткізу мүмкіндігі мен шарттары және т.б.).

Кәсіпкерлік субъектісінің Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындағаннан кейін ӘКК кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді. Қарыз беру шарттары ӘКК мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын қарыз шартында белгіленеді.

Ұсыныстар 2025 жылғы 3 наурызға дейін мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: info@spkertis.kz

Қосымша ақпаратты 8 (7232) 700-368, 700-104 телефоны арқылы алуға болады.