Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде ««Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - ӘКК) 2025 жылдың көктемгі-жазғы кезеңіне (мамыр, маусым, шілде) басқа кезеңдерге реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда форвардтық шарт жасасу мүмкіндігін қарастыруда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне көкөніс өнімдері кіреді: картоп, пияз, асханалық сәбіз, ақ қауданды қырыққабат.
Қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу мөлшерінде алдын ала төлем шарттарында жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлер де, азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілер де (дистрибьюторлар) қатыса алады.
Мүдделілік жағдайында кәсіпкерлік субъектісі ӘКК-ге ұсыныс жіберуі қажет (өнім бірлігінің құны, сақтау мүмкіндігі мен құны, сауда нүктелеріне жеткізу мүмкіндігі мен шарттары және т.б.).
Кәсіпкерлік субъектісінің Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындағаннан кейін ӘКК кәсіпкерлік субъектісімен форвардтық шарт жасасады. Шарттар ӘКК мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын шартпен белгіленеді.
Ұсыныстар 2025 жылғы 3 наурызға дейін мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: info@spkertis.kz
Қосымша ақпаратты 8 (7232) 700-368, 700-104 телефоны арқылы алуға болады.