2025 жылғы 16 ақпанда Қазақстан мен Иран арасында ет және ақуыз өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжат Қазақстанның Сауда ұйымы мен Иранның ет және ақуыз өнеркәсібі қауымдастығы арасындағы келісімді нығайта түспек.
Меморандумға қол қою рәсіміне Иранның ет және ауыз өнеркәсібі қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Дархор Бехзад және Қазақстан тарапынан «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Таңат Сағатұлы қатысты.
Меморандумның өзегі - екі ел арасында әріптестік қатынастар орнатып, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Тараптар сауда байланыстарын дамыту, технологиялармен алмасу және ет өнеркәсібіндегі өнім сапасын арттыру мәселелері бойынша келісімге келді. Бұл келісім қазақстандық өнімдердің Иран нарығына экспортын ұлғайтуға және екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
«Ертіс» ӘКК» АҚ баспасөз-қызметі