Басты бет / Жаңалықтар / Жаңартылған режим: «Ертіс» ӘКК» АҚ жаңа жұмыс кестесіне көшті
Новости и статьи 20 наурыз, 2025

Жаңартылған режим: «Ертіс» ӘКК» АҚ жаңа жұмыс кестесіне көшті

20-наурыздан бастап «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы жаңа жұмыс кестесіне көшті. Шығыс Қазақстан облысының аудандары бастап енгізген бұл жаңашылдықды бүгінде тұтас облыс болып қолдап отыр. Енді Корпорацияның жұмыс кестесі 8:00-ден бастап 17:30-ға дейін, түскі үзіліс – 12:00-13:30 аралығында.

Жалпы, ағымдағы жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы өңірдегі уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты жаңа жұмыс кестесіне толықтай көшті. Енді облыстағы барлық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік ұйымдар, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер жұмыс күнін 08:00-ден 17:30-ға дейін жүргізеді. Бұл жаңашылдық күндізгі жарықты тиімді пайдалану мен еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Көпшілікке мәлім, 2024 жылы Қазақстанда біртұтас UTC+5 уақыт белдеуіне көшу бастамасы қызу талқыланды. Өңір тұрғындары бұл мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде, үкімет халықтың пікірін ескере отырып, әр өңірге жұмыс кестесін жергілікті ерекшеліктерге қарай реттеуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады. Мұндай тәсіл әр аймақтың қажеттіліктерін ескеруге және шешімді неғұрлым икемді әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік берді.

ШҚО-да жаңа жұмыс кестесіне көшу кезеңдері:

  • Катонқарағай ауданы: 2025 жылдың қаңтар айының басында өзгерістерді бірінші болып енгізді;
  • Марқакөл және Үлкен Нарын аудандары: 2025 жылдың 24 ақпанында бастаманы қолдады;
  • Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самар аудандары: 2025 жылдың 5 наурызынан бастап жаңа кестеге көшті;
  • Алтай және Ұлан аудандары: 2025 жылдың 12 наурызында өзгерістер енгізді;
  • Глубокое және Шемонаиха аудандары: 2025 жылдың 13 наурызында бастаманы аяқтаушы аудандар болды;
  • Риддер қаласы: 2025 жылғы 14 наурыздан бастап жаңа кестеге көшті. Риддерде өзгерістерді енгізбес бұрын мемлекеттік қызметкерлермен және бюджеттік ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізіліп, көшудің егжей-тегжейі мен артықшылықтары талқыланды.

Айта кету керек, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелердің жұмыс кестесі өзгерген жоқ, себебі олар бұған дейін де осыған ұқсас тәртіппен жұмыс істеген.

2025 жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары жаңа жұмыс кестесіне толықтай көшуі уақыт белдеуінің өзгеруіне бейімделуге мүмкіндік беріп, күндізгі жарықты тиімді пайдалануды қамтамасыз етті және облыс тұрғындары үшін еңбек жағдайларын жақсартты.