«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Өскемен қаласында жүзеге асырылатын жобаны – Жедел ахуалдық мониторингтің өңірлік орталығын жобалау және салу жұмыстарын жүзеге асыру үшін серіктес іздестірілетінін хабарлайды. Қызмет саласы – жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару.
Жобаға арналған 4,8 гектар аумақты құрайтын жер телімі бар. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Жібек Жолы көшесі, №6/1 ғимараты маңында орналасқан.
«Жедел ахуалдық мониторингтің өңірлік орталығы» жобасы – тұрғындармен, жергілікті басқару органдарымен, жедел қызметтермен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, сондай-ақ басқару жүйесіне қатысушылардың іс-әрекетін үйлестіруге арналған ақпаратты қадағалау және өңдеу жүйесімен қамтылған инженерлік кешен. Жоба аясында аймақтың цифрлық экономикасын дамыту, IT-компанияларды тарту, стартаптарды қолдау және инновациялық қызметке қолайлы орта құру көзделген.
Байқауға қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар (өтінім, сауалнама, бизнес-жоспар және құжаттар топтамасы) мына сілтеме арқылы қолжетімді:
https://spkertis.kz/ru/projects/how-implement-your-project
немесе сайт бойынша маршрут: https://spkertis.kz/: Басты бет / Біздің бағыттар / Инвестициялар / Сіздің жобаңызды қалай іске асыруға болады?
Құжаттар мен өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 21–30 сәуір аралығы.
Өтінімдерді мына мекенжайға жіберуге болады: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 9-қабат, «Ертіс» ӘКК» АҚ Инвестициялар департаменті
немесе электронды пошта арқылы: m.nurgaliyev@spkertis.kz.