«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «ШҚО Туристік ақпараттық орталығы» КММ-мен 2025 жылғы 2 шілдеде мемлекеттік сатып алу туралы №44 шарт жасалғанын хабарлайды. Шарт шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамыту бойынша Мастер-жоспар (Бас жоспар) әзірленеді.
Мастер-жоспардың басты мақсаты – өңірде тұрақты, бәсекеге қабілетті әрі инвестициялық тартымды туризм үлгісін қалыптастыру. Құжат халықаралық және ішкі туризмді дамытумен қатар, экономиканың туризммен сабақтас жоғары әлеуетті салаларын өркендетуге бағытталады.
Жоспарды әзірлеу барысында мынадай негізгі бағыттар қамтылады:
• өңірдегі туризм саласының қазіргі ахуалын талдау;
• туристік кластерлерді қалыптастыру;
• архитектуралық-жоспарлау шешімдері мен инфрақұрылымды дамыту ұсыныстары;
• инвестициялық бағдарламалар мен қолдау тетіктері;
• маркетинг, брендинг және өңірді ішкі әрі сыртқы нарықта позициялау стратегиясы;
• нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар;
• өңірдің экологиясы мен мәдени болмысын сақтай отырып, орнықты даму стратегиясы.
Осыған орай, «Ертіс» ӘКК туристік сала өкілдерін, инвесторларды, салалық сарапшыларды, тревел-блогерлерді, қоғамдық белсенділерді және барлық мүдделі тұлғаларды Мастер-жоспарды қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырады. Сіздердің идеяларыңыз бен ұсынымдарыңыз құжаттың мазмұнын байытып, оны іске асыруда нақты негіз боларына сенім білдіреміз.
Ұсыныстар мен байланыс деректерін мына электронды поштаға жолдауға болады:
E-mail: info@spkertis.kz
Телефон: +7 (7232) 700-356. Сондай-ақ, қосымша сұрақтар болса әлеуметтік желідегі ресми парақшалар мен сайтта көрсетілген мессенджер номері арқылы да хабарласу мүмкіндігі бар.
Ұсыныстар 2025 жылғы 1 тамызға дейін қабылданады.