«Ертіс» ӘКК» АҚ Өскемен қаласы, Машинастроитель көшесінде орналасқан индустриалдық аймақ аумағынан жалпы көлемі 4,6 гектар жер учаскелерін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беру бойынша конкурс жариялайды.
Жер учаскелері кәсіпкерлік қызмет нысандарын, соның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, туризм индустриясы, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті қатысушылар мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1. Жобаланған бизнес-жоспар;
2. Эскиздік жоба;
3. Жобалық-сметалық құжаттама;
4. Ведомстводан тыс сараптама қорытындысы;
5. Қоғамдық тыңдау хаттамасы.
Квалификациялық талаптарға сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар конкурсқа қатыса алады.
Өтінімдер 2025 жылғы 25 тамыз күні сағат 10:00-де келесі мекенжайда қаралады: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7232) 700-114