Басты бет / Жаңалықтар / 29-қазан - Қазақстан кәсіпкерлері күні
Новости и статьи 29 қазан, 2025

29-қазан - Қазақстан кәсіпкерлері күні

Бұл кәсіби мереке биылдан бастап ресми түрде аталып өтеді. Мереке 2025 жылғы 30 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітілді. Күннің таңдалуы да тегіннен емес: 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдаудың базалық қағидаттарын айқындаған Кәсіпкерлік кодекс қабылданған болатын.  

«Ертіс» ӘКК» АҚ өңірді дамыту институты ретінде кәсіпкерлерді түрлі тәсілдермен қолдауды жалғастырып келеді:

1) Инвестициялық сүйемелдеу және бірлескен инвестициялау: өтінім қабылдау, сараптама, бірлескен кәсіпорын не бірлескен қызмет туралы шарт арқылы қатысу. Қажетті құжаттар тізімі ресми сайтта;

2) «Инвестор жолы»: ақпараттық-сервистік қолдау, серіктес пен алаң табу, кездесулер ұйымдастыру, индустриялық аймақтарға жоба орналастыру;

3) Мемлекеттік бағдарламалар: «Ауыл аманаты», баға тұрақтандыру, АӨК саласында жеңілдетілген несиелеу, “Кең дала” бағдарламасы және т.б..  

Байланыс: info@spkertis.kz, +7 (7232) 700-114, Өскемен қ., Қазақстан көш., 59/1.  

«Ертіс» ӘКК» АҚ шығысқазақстандық кәсіпкерлерді кәсіби мерекемен құттықтайды!

Кәсіпкер атаулы жаңа өндірістерді іске қосып, жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасын нығайтып келе жатқан қозғаушы күш.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әріптестікке әрдайым ашық екендігін мәлімдей отырып, жобаларды жолдап, кеңес алу үшін келуге шақырады. Мақсат — бірге Шығыс Қазақстанның дамуын жеделдету, үлес қосу!