Басты бет / Жаңалықтар / Ертіс» ӘКК» АҚ инвестициялық жоба бойынша серіктес іздейтінін хабарлайды
Новости и статьи 10 қараша, 2025

Ертіс» ӘКК» АҚ инвестициялық жоба бойынша серіктес іздейтінін хабарлайды

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «ШҚО ТЖД авиациялық қызметіне арналған авиациялық ангар мен әуе техникасына тұрақ орындарын салу» жобасын бірлесіп іске асыру үшін әлеуетті серіктестерді шақырады.

Жоба үшін 2,6 гектар жер телімі бөлінген. Орналасқан жері:

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 566-үй.

Өтінім беру үшін қажетті құжаттар (өтінім нысаны, сауалнама, бизнес-жоспар және құжаттар тізімі) мына сілтемеде қолжетімді: https://spkertis.kz/ru/projects/how-implement-your-project

немесе сайттағы: «Басты бет / Біздің бағыттар / Инвестициялар / Жобаңызды қалай іске асыруға болады» жолымен ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Құжаттар мен өтінімдер 2025 жылғы 10–19 қазан аралығында қабылданады.

Өтінім қабылдау мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1-үй, 9-қабат, «Ертіс» ӘКК» АҚ Инвестициялар департаменті.