«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы ӘКК қатысуымен салынып жатқан көп пәтерлі үйлердегі пәтерлерді сатып алушыларға мәлімет үшін мынаны хабарлайды.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.
Пайдалануға беру актісі жаңадан салынған көп пәтерлі тұрғын үйге құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады.
Осыған байланысты, объект пайдалануға берілгенге дейін ешқандай жасалған мәмілелер, оның ішінде пәтерлерді брондау шарты меншік құқығының туындауы үшін негіз ретінде бағаланбайды.
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ пәтерлерді брондау шартын жасамайды және көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін үлескерлердің *ақшасын тартпайды.
Баяндалғанның негізінде, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ пәтерлерді сатуды сатып алу-сату шарттарын жасасу жолымен құрылыс аяқталғаннан кейін және көп пәтерлі үйлерді пайдалануға беру актісін мемлекеттік тіркегеннен кейін ғана жүзеге асыратынын хабарлаймыз.
Басты бет / Жаңалықтар / «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы ӘКК қатысуымен салынып жатқан көп пәтерлі үйлердегі пәтерлерді сатып алушыларға мәлімет үшін мынаны хабарлайды.