Басты бет / Жаңалықтар / «Ертіс» ӘКК» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Авиациялық қызметіне арналған авиациялық ангар мен авиациялық техниканы тұраққа қою орындарын салу» жобасын іске асыру үшін әлеуетті серіктесті іздеу туралы хабарлайды.
Новости и статьи 21 қаңтар, 2026

«Ертіс» ӘКК» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Авиациялық қызметіне арналған авиациялық ангар мен авиациялық техниканы тұраққа қою орындарын салу» жобасын іске асыру үшін әлеуетті серіктесті іздеу туралы хабарлайды.

Жобаны іске асыру үшін ауданы 2,6 га болатын жер учаскесі бар, орналасқан мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 566.

Авиациялық ангар кешені төмендегі әуе кемелерін сақтау, техникалық қызмет көрсету және жууға арналған:

Ми-8 тікұшағы;

EC-145 тікұшағы;

Let L-410 ұшағы.

Нысанның негізгі параметрлері

Кешеннің габариттері (модульдік ғимараттарды қоса алғанда):

ұзындығы — 80 м-ге дейін, ені — 34 м-ге дейін, биіктігі — 17 м-ге дейін.

Ангар екі бірдей секциядан (жұмыс аймақтарынан) және оларға жапсарлас екі модульдік ғимараттан тұрады.

Екі әуе кемесін бір мезгілде орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Конструктивтік шешімдер

Құрылыс түрі: жинамалы металл қаңқалы (бағаналар, фермалар).

Қабырғалар мен жабын: металл профильді парақтардан және отқа төзімді жылу қшаулағыштан тұратын үш қабатты құрылымдар.

Шатыр: қос еңісті.

Іргетастар мен едендер: гидрооқшаулауы бар темірбетон.

Металл конструкцияларға оттан қорғау өңдеуін жүргізу — міндетті.

ЖСҚ-ға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының СН, СП, СНиП, ГОСТ және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірлеу.

Сметалық құжаттама — ҚР РСНБ 2015 бойынша (өзектендірумен).

Тапсыру форматы:

қағаз және электрондық (PDF, DWG, Excel, Word).

Әзірленген жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) инженерлік ізденістерді орындаумен, келісулерді жүргізумен және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін сүйемелдеумен дайындалуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өтінім, сауалнама, бизнес-жоспар және құжаттар пакеті) мына сілтеме арқылы табуға болады: https://spkertis.kz/ru/projects/how-implement-your-project немесе сайттағы маршрут бойынша: https://spkertis.kz/ Басты бет / Біздің бағыттар / Инвестициялар / Жобаңызды қалай іске асыруға болады.

Құжаттар мен өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 21–30 қаңтар аралығы.

Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады:

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, «Ертіс» ӘКК» АҚ Инвестициялар департаменті.