Бос алаңдарды тиімді пайдалану мақсатында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараттың шатырындағы бос алаңды ұялы байланыс жабдықтарын орналастыру үшін тікелей шарт жасасу тәсілімен 12 ай мерзімге сенімгерлік басқаруға беруді жоспарлап отыр.
Шатырдың бос алаңына ұялы байланыс операторларының жабдықтарын орналастыруға Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтерін көрсетуге қолданыстағы лицензиялары бар, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарына, құрылыс, санитариялық және техникалық нормаларға сәйкес келетін және объектіні пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін операторлар ғана жіберіледі.
Қосымша ақпаратты әлеуетті қатысушылар мына мекенжай бойынша ала алады:
ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, сондай-ақ 8 (7232) 70-01-14 телефон нөмірі арқылы.