Басты бет / Жаңалықтар / Көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін серіктес іздестіріледі
Новости и статьи 16 ақпан, 2026

Көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін серіктес іздестіріледі

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы әлеуетті серіктес іздейтінін хабарлайды.


Келесі жобаларды іске асыру жоспарлануда:

    •    «Абай облысы, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданында 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу (21-позиция). Түзету»;

    •    «Абай облысы, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданында 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу (23-позиция). Түзету».


Жобаларды іске асыру үшін мынадай жер учаскелері қарастырылған:

    •    21-позиция — 0,3652 га;

    •    23-позиция — 0,4041 га,

мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданы.


Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 26 ақпанға дейін.


Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады:

ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 9-қабат,

немесе электрондық пошта арқылы: info@spkertis.kz.


Қосымша ақпаратты көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы алуға болады.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 705-039, 8 706 831 87 87.