Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес қабылданды.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізіледі. Референдумға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы шығарылады.
Дауыс беруге «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал ұсынылады.
Сондай-ақ, Жарлық пен Конституция жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланғаны белгілі.
Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелік комиссияларының қызметін атқаратын тиісті сайлау комиссияларына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Орталық сайлау комиссиясымен және өзге де орталық мемлекеттік әрі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдауы тиіс.