Басты бет / Жаңалықтар / Хабарландыру: көпқабатты үй салуға әлеуетті серіктес қарастырылады
Новости и статьи 03 сәуір, 2026

Хабарландыру: көпқабатты үй салуға әлеуетті серіктес қарастырылады

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Абай облысы, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданында орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы» жобасын (39–43 позициялар) бірлесіп іске асыру үшін әлеуетті серіктесті айқындау басталғанын хабарлайды.


Жобаның мақсаты – Қарағайлы тұрғын ауданы аумағында сапалы, заманауи және сұранысқа ие тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру.

Осы хабарландыру аясында аталған жобаны іске асыруға қатысуға мүдделі, көппәтерлі тұрғын үйлер салу саласында тәжірибесі бар, қажетті қаржылық, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық ресурстарға ие, сондай-ақ төмендегі негізгі талаптарға сәйкес келетін әлеуетті серіктестер шақырылады:

    •    ұқсас құрылыс жобаларын іске асыру тәжірибесінің болуы;

    •    қаржылық тұрақтылығының және төлем қабілеттілігінің расталуы;

    •    жобаны іске асыруға қажетті рұқсат құжаттары мен ресурстарының болуы;

    •    жобаға қатысуға кедергі келтіретін орындалмаған міндеттемелердің, берешектердің және шектеулердің болмауы.

Мүдделі тұлғалардан құжаттар тізбесіне сәйкес қосымшалармен бірге ынтымақтастық туралы ұсыныстар жолдау талап етіледі.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 9-қабат, немесе info@spkertis.kz электрондық поштасы арқылы.

Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 7232 705 999, 8 777 264 31 61.

Түскен ұсыныстар белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Ұсыныс жолдау келісім немесе шарт жасасу жөніндегі міндеттемелердің бірден туындауына әкелмейді.

«Ертіс» ӘКК» АҚ әлеуетті серіктестердің ұсыныстарын қарау үшін қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады.