Қоғамның корпоративтік сайты арқылы сенімгерлік басқаруға беру үшін әлеуетті серіктесті анықтау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Ертiс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Қоғамның корпоративтік сайты арқылы әлеуетті серіктесті анықтау жөнінде конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты — Қоғамға тиесілі мемлекеттік емес мүлікті, атап айтқанда: Ильяс Есенберлин даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан тұрғын үйді (73 пәтер) сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 12 сәуірге дейін info@spkertis.kz электрондық поштасына қабылданады.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады:
8 (7232) 70-01-14.