Басты бет / Жаңалықтар / Ресми хабарлама: тұрғын үйді сату делдалдарсыз жүзеге асырылады
Новости и статьи 27 сәуір, 2026

Ресми хабарлама: тұрғын үйді сату делдалдарсыз жүзеге асырылады

Құрметті клиенттер!

«Ертіс» ӘКК» АҚ жылжымайтын мүлікті брондаумен айналыспайтынын, сондай-ақ пәтерлерді сату үшін риэлторларды және өзге де делдалдарды тартпайтынын хабарлайды. Тұрғын үйді сату тікелей Қоғам арқылы жүзеге асырылады.


Бос және қолжетімді пәтерлер туралы барлық өзекті ақпаратпен дербес әрі қауіпсіз түрде таныса аласыз:

* Қоғамның ресми сайтында;

* «Баспана Маркет» платформасында (орналастырылған жағдайда).

«Ертіс» ӘКК» АҚ ашықтық, айқындық және барлық клиенттер үшін тең қолжетімділік қағидаттарын қатаң ұстанады.

Осыған байланысты тек ресми ақпарат көздеріне жүгінулеріңізді және күмәнді қызметтер ұсынатын делдалдарға ермеулеріңізді сұраймыз.


Жылжымайтын мүлікті сатып алуға қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (706) 686-12-58


Құрметпен,

«Ертіс» ӘКК» АҚ