Басты бет / Жаңалықтар / «Кең дала» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау жалғасуда
Новости и статьи 22 мамыр, 2026

«Кең дала» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау жалғасуда

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да «Кең дала» несиелеу бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау жалғасуда. Бағдарлама көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға бағытталған.


Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 %-ды құрайды. Қамтамасыз ету ретінде несие сомасының 85 %-на дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігін рәсімдеуге болады. Қамтамасыз етудің қалған бөлігі, сондай-ақ қарыз бойынша сыйақы кредитордың кепіл талаптарына сәйкес келетін мүлікпен қамтамасыз етіледі.

Несиелеу мерзімі — қаржыландыру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың наурызына дейін.


Кеңес алу және құжаттарды тапсыру үшін: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайы бойынша хабарласу қажет. Тел.: 8 (705) 120-53-67, 8 (7232) 74-04-78.