«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 18 шаршы метр алаңы бар сауда павильонын 11 ай мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы жариялайды. Сенімгерлік басқару шарты тікелей жасалады. Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Красина көшесі, 1/1 үй маңы.
Мақсаты - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмі аясында бөлшек сауда ұйымдастыру, сондай-ақ әртүрлі азық-түлік өнімдерін сату.
Қосымша ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 және телефон арқылы: 8 (7232) 70-01-14.