ШҚО-да бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыру туралы
07 қыркүйек, 2021

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Э.Тумашиновтың қатысуымен «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі – ӘМАТ) бағасын қоғамдық бақылау» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Эфир барысында Э.Тумашинов Өскемен және Семей қалаларында тұрақтандыру қорының өнімдері сатылатын сауда павильондарына тоқталды.

«Ертіс» ӘКК» АҚ ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі мамандандырылған өңірлік ұйым болып табылады. Көрсетілген тетіктер шеңберінде ӘМАТ бағасы мынадай деңгейде тұрақтанды:

- Ақ қант - 290 тг/кг;

- Макарон өнімдері (Рожки) - 200 тг/кг;

- I санатты тауық жұмыртқасы-30 тг/дана;

- Тұз -50 тг/кг;

- 1 сұрыпты ұн - 155 тг/кг.

Аталған өнімдер халыққа тұрақтандыру қорының павильондары арқылы сатылады (барлығы 26 павильон, Өскемен қаласында-15 және Семей қаласында-11). Павильондардың орналасқан жері туралы ақпаратты  spkertis.kz сайтынан қарауға болады.

ӘКК сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін кәсіпкерлерге сауда павильондарын конкурстық негізде жалға береді. Жалға беру павильондарын бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бере алады. Жалға алушыға қойылатын басты талап сауда үстемесін қолданбай тіркелген баға бойынша ШҚО өңірлік тұрақтандыру қорының өнімін сатуды жүзеге асыру болып табылады.

Конкурстық рәсімдерді өткізу Шығыс Қазақстан облысының аумағында кәсіпкерлік қызмет үшін ӘКК-ге сауда павильондарын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Халыққа қолайлы болуы үшін ӘКК ӘМАТ-қа бағаларды тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде өткізілетін өнімге баға белгілерінің бірыңғай түрлерін әзірледі.

1 қарашадан бастап тұрақтандыру қорының павильондарында жеміс-көкөніс өнімдерін: картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз сату басталады. Жеміс-көкөніс өнімдерінің барлық түрлерінің бағасы өткен маусым деңгейінде сақталды-82 тг/кг.

Сүт өнімдерінің бағасы келесі деңгейде тұрақтанды:

– Сүт 2,5% жұмсақ қаптамада-270 тг/л;

- Айран 2,5% жұмсақ қаптамада-335 тг/л;

- Сүзбе 5-9% - 1320-1400 тг/кг.

Сүт өнімдерін «AllMart Vostok» фирмалық дүкендерінен сатып алуға болады (ШҚО бойынша 17 сауда орындары бар, соның ішінде Өскемен қаласында-13, аудандарда-4).

Өнім сапасы мен сауда павильондарының қызметі мәселелері бойынша жедел желі жұмыс істейді +7 7232 701 157.