«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Фрунзе ауылдық округі, 086 есептік орам, 5-құрылыс мекенжайында орналасқан «EAST GATE Industrial Park» индустриялық аймағының ашылғаны туралы хабарлайды.
Қазіргі уақытта әлеуетті резиденттер пулын қалыптастыру мақсатында алдын ала өтінімдер қабылдануда.
НОРМАТИВТІК НЕГІЗ
Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидалары — Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 693 бұйрығы, 2024 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып.
ҚЫЗМЕТТІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
- машина жасау және металл өңдеу, оның ішінде жиынтықтаушы бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды өндіру;
- химия өнеркәсібі, электротехникалық бұйымдар мен электр энергиясын жинақтау жүйелерінің компоненттерін өндіру;
- құрылыс материалдарын өндіру.
Өндірістік активтер мен инфрақұрылым сондай-ақ шағын және орта бизнестің өзге де өңдеуші өндірістерін орналастыру үшін қолжетімді.
Бұдан бөлек, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың резиденттеріне логистикалық және сервистік қызметтер көрсетуге, оның ішінде техникалық қызмет көрсету, арнайы киіммен қамтамасыз ету, тамақтандыру және өзге де сервистік қызметтерді ұйымдастыруға мүмкіндік қарастырылған.
КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
Болашақ шағын өнеркәсіптік аймақ аумағында өндірістік жобаларды орналастыруға мүдделі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шақырылады.
Оның ішінде:
- жаңа өндіріс ашуды;
- жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтуді немесе жаңғыртуды;
- инвестициялық жобаны іске асыруды;
- өндірістік қуаттарды көшіруді немесе жергіліктендіруді жоспарлап отырған кәсіпкерлер қатыса алады.
ШӨА ӘЛЕУЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН МИНИМАЛДЫ ТАЛАПТАР
Жабдықтар мен жаңғыртуға салынатын инвестициялар:
- еңбек сыйымдылығы жоғары өндірістер үшін — 1 м²-ге кемінде 10 000–15 000 теңге;
- капитал сыйымдылығы жоғары және автоматтандырылған өндірістер үшін — 1 м²-ге кемінде 20 000–30 000 теңге.
Жұмыс орындары:
- еңбек сыйымдылығы жоғары өндірістер үшін әрбір 100 м² өндірістік алаңға кемінде 1 жұмыс орны.
- Капитал сыйымдылығы жоғары және автоматтандырылған өндірістер үшін жұмыс орындарының саны бизнес-жоспарға сәйкес айқындалып, конкурстық комиссиямен бекітіледі.
Объектті пайдалануға беру мерзімі:
- дайын ғимараттар үшін — 12 айға дейін;
- жаңадан салынатын нысандар үшін — 24 айға дейін.
Мәлімделген жұмыс орындарының санын сақтау:
- резиденттің қатысу талаптары мен бизнес-жоспарына сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.
Жоба бойынша түпкілікті шешім балдық бағалау қорытындысы негізінде қабылданады.
Қолданыстағы өндірістік үй-жайлар 1 шаршы метріне 1 500 теңге мөлшеріндегі жалдау ақысы бойынша ұсынылады.
ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР МЕН АҚПАРАТТАР ҰСЫНУ ҚАЖЕТ?
Әлеуетті резиденттердің алдын ала пулын қалыптастыру үшін «Ертіс» ӘКК» АҚ-ға индустриялық аймақта өндіріс орналастыру ниеті туралы хат жолдау қажет.
Хатта мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- кәсіпорынның атауы және байланыс деректері;
- қызмет бағыты және өндірілетін өнім түрі;
- жобаның қысқаша сипаттамасы;
- инвестициялардың болжамды көлемі;
- қажетті жер учаскесінің немесе өндірістік үй-жайдың болжамды ауданы;
- келісілген лимиттер шегіндегі инженерлік инфрақұрылымға қажеттілік;
- жоспарланған жұмыс орындарының саны;
- жобаны іске асырудың болжамды мерзімі.
МАҢЫЗДЫ!
Қазіргі кезеңде жер учаскелерінің нақты шекаралары мен аудандары айқындалмаған.
Олардың параметрлері әлеуетті резиденттердің жобаларының ерекшеліктері, жер учаскелеріне, өндірістік алаңдарға және инженерлік инфрақұрылымға деген қажеттіліктері ескеріле отырып пысықталатын болады.
Ақпарат ұсыну:
- жер учаскесін немесе өндірістік үй-жайды алуға кепілдік бермейді;
- оларды алуға басым құқық бермейді;
- индустриялық аймақ резиденті мәртебесінің берілгенін растамайды.
Ұсынылған ақпарат әлеуетті резиденттер пулын қалыптастыру және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен Шағын өнеркәсіптік аймақтың тұжырымдамасын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
БАЙЛАНЫС
«Ертіс» ӘКК» АҚ
070000, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1
Тел.: +7 7232 704 444
E-mail: info@spkertis.kz