Таза қала – ортақ жауапкершілік

Өскеменде қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі екі айлық жалғасуда. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, іс-шаралар 2026 жылғы 12 қыркүйек пен 31 қазан аралығында өтеді.

Қалалық іс-шараларға «Ертіс» ӘКК» АҚ ұжымы да қатысуда. Күзгі маусымда қызметкерлер екі топқа бөлініп, апта сайын сенбілікке шығуда. Негізгі назар бекітілген аумақтың («Сәулетай» паркі мен сол маңдағы Ертіс жағалауы) тазалығын сақтауға аударылады.

Бұл жұмыс қаланың жайлы келбетін сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді. Қызметкерлердің байқауынша, жыл өткен сайын аталған аумақта пластик бөтелкелер, пакеттер және өзге де тұрмыстық қалдықтар азайып келеді. Осы оң өзгерісті сақтау үшін тұрғындар мен ұйымдардың қала тазалығына тұрақты түрде атсалысуы маңызды.