Хабарландыру

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы ауданы 18 шаршы метр сауда павильонын сенімгерлік басқару шарты тікелей жасасу арқылы 11 ай мерзімге сенімгерлік басқаруға беретінін хабарлайды.

Павильон Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Космическая көшесі, № 21 үйдің маңында орналасқан.
Павильонның мақсаты — бағаны тұрақтандыру тетігін іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ассортименттегі азық-түлік өнімдерін бөлшек саудада сатуды ұйымдастыру.
Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, сондай-ақ 8 7232 704-444 телефоны арқылы.