Басты бет / Жаңалықтар / «EAST GATE Industrial Park» индустриалды аймақтың әлеуетті резиденттер пулын қалыптастыруда
Новости и статьи 02 қараша, 2026

«EAST GATE Industrial Park» индустриалды аймақтың әлеуетті резиденттер пулын қалыптастыруда

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «EAST GATE Industrial Park» индустриялық аймағының әлеуетті резиденттер пулын қалыптастыру мақсатында алдын ала өтінімдер қабылдауда.


Орналасқан жері:

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Фрунзе ауылдық округі, 086 есептік орам, 5-құрылыс.


Индустриалық аймақ туралы

Индустриялық аймақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік жобаларын орналастыруға және дамытуға арналған.

Қазіргі кезеңде өндірістік алаңдарға, жер учаскелеріне және инженерлік инфрақұрылымға деген қажеттілікті айқындау үшін әлеуетті жобалар туралы ақпарат жиналуда.


Нормативтік негіз

Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу тәртібі 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 693 бұйрықпен бекітілген Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларымен реттеледі. Қағидаларға 2024 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрықпен өзгерістер енгізілген.


Басым бағыттар

Бірінші кезекте мына салалардағы жобалар қарастырылады:

  • Машина жасау және металл өңдеу
  • Жиынтықтаушы бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды және өзге де өнеркәсіптік өнімдерді өндіру.
  • Химия және электротехника өнеркәсібі
  • Химиялық өнімдер, электротехникалық бұйымдар, сондай-ақ электр энергиясын жинақтау жүйелерінің компоненттерін өндіру.
  • Құрылыс материалдарын өндіру
  • Құрылыс және әрлеу материалдарын, конструкциялар мен жиынтықтаушы бөлшектерді өндіруге бағытталған жобалар.
  • Өзге де өңдеуші өндірістер мен сервистік қызметтер


Өндірістік активтер мен инфрақұрылымды мына бағыттарда да пайдалануға болады:

> шағын және орта бизнестің өзге де өңдеуші өндірістерін орналастыру;

> логистикалық жобаларды іске асыру;

> арнайы экономикалық және индустриялық аймақ резиденттеріне сервистік қызмет көрсету;

> техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын орналастыру;

> арнайы киім өндіру;

> қоғамдық тамақтану нысандарын ұйымдастыру;

> өзге де ілеспе сервистік қызметтер көрсету.


Кім әлеуетті резидент бола алады?

Болашақ шағын өнеркәсіптік аймақ аумағында өндірістік жобасын орналастыруға мүдделі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысуға шақырылады.


Қандай жобалар қарастырылады:

> жаңа өндіріс ашу;

> қолданыстағы өндірісті кеңейту;

> өндірістік қуаттарды жаңғырту;

> жаңа инвестициялық жобаны іске асыру;

> қолданыстағы өндірісті көшіру;

> өндірістік қуаттарды жергіліктендіру.


ӘЛЕУЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР


Инвестиция салу

Еңбек сыйымдылығы жоғары өндірістер үшін: 1 м²-ге кемінде 10 000–15 000 теңге. Инвестициялар жабдық сатып алуға және өндірісті жаңғыртуға бағытталуы тиіс.

Капитал сыйымдылығы жоғары және автоматтандырылған өндірістер үшін: 1 м²-ге кемінде 20 000–30 000 теңге.


Жұмыс орындары

Еңбек сыйымдылығы жоғары өндірістер үшін әрбір 100 м² өндірістік алаңға кемінде 1 жұмыс орнын құру көзделеді.

Капитал сыйымдылығы жоғары және автоматтандырылған өндірістер бойынша жұмыс орындарының саны жобаның бизнес-жоспарына сәйкес айқындалып, конкурстық комиссиямен бекітіледі.


Өндірісті іске қосу мерзімі

Дайын өндірістік ғимаратқа орналастырылатын жобалар үшін — 12 айға дейін.

Жаңа құрылыс нысандары үшін — 24 айға дейін.


Жұмыс орындарын сақтау

Резидент қатысу талаптары мен бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес мәлімделген жұмыс орындарының санын сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.


Шешім қалай қабылданады?

Жобалар бойынша түпкілікті шешім белгіленген критерийлерге сәйкес балдық бағалау негізінде қабылданады.


Бағалау кезінде, оның ішінде, мына көрсеткіштер ескеріледі:

> инвестициялар көлемі;

> жобаның өндірістік бағыты;

> құрылатын жұмыс орындарының саны;

> өндірістік алаңдар мен инженерлік инфрақұрылымға қажеттілік;

> жобаны іске асыру мерзімі;

> белгіленген талаптарға сәйкестігі.


Орналастыру шарттары

Қолданыстағы өндірістік үй-жайлар жалға беріледі.

Жалдау ақысы: 1 м² үшін 1 500 теңге.


Қандай ақпарат ұсыну қажет?

Әлеуетті резиденттердің алдын ала пулына енгізу үшін «Ертіс» ӘКК» АҚ-ға индустриялық аймақта өндіріс орналастыру ниеті туралы хат жолдау қажет.


Хатта мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

1. Кәсіпорын туралы ақпарат

> кәсіпорынның атауы;

> байланыс деректері.

2. Қызмет туралы ақпарат

> қызмет бағыты;

> шығарылатын немесе шығару жоспарланған өнім түрі.

3. Жоба сипаттамасы

> өндірістік жобаның қысқаша сипаттамасы;

> инвестициялардың болжамды көлемі.

4. Қажетті алаң

> жер учаскесінің болжамды ауданы;

> немесе қажетті өндірістік үй-жайлардың ауданы.

5. Инженерлік инфрақұрылым

Жобаға келісілген лимиттер шегінде қандай инженерлік қуаттар мен инфрақұрылым қажет екені көрсетілуі тиіс.

6. Жұмыс орындары

Жобаны іске асыру аясында құрылатын жұмыс орындарының жоспарланған саны.

7. Іске асыру мерзімі

Жобаны іске қосу мен іске асырудың болжамды мерзімі.


Маңызды

Қазіргі кезеңде жер учаскелерінің нақты шекаралары мен аудандары әлі айқындалмаған.

Аумақтың параметрлері мына факторларды ескере отырып пысықталатын болады:


> әлеуетті жобалардың ерекшеліктері;

> кәсіпкерлердің жер учаскелеріне қажеттілігі;

> қажетті өндірістік үй-жайлардың ауданы;

> инженерлік инфрақұрылымға қажеттілік;

> орналастырылатын өндірістердің ерекшеліктері.


Ақпарат ұсыну:

> жер учаскесінің немесе өндірістік үй-жайдың берілетініне кепілдік бермейді;

> оларды алуға басым құқық бермейді;

> индустриялық аймақ резиденті мәртебесінің берілгенін растамайды.

! Алынған ақпарат әлеуетті резиденттер пулын қалыптастыру және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен Шағын өнеркәсіптік аймақтың тұжырымдамасын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.


Байланыс

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

070000, Өскемен қаласы,

Қазақстан көшесі, 59/1

Телефон: +7 7232 704 444

E-mail: info@spkertis.kz