Басты бет / Жаңалықтар / «Ертіс» ӘКК» АҚ: ресми мәлімдеме
Новости и статьи 25 қараша, 2026

«Ертіс» ӘКК» АҚ: ресми мәлімдеме

Дәйексіз ақпараттың таралуына жол бермеу мақсатында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам, «Ертіс» ӘКК) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарда көтерілген мәселелер бойынша өзінің ресми ұстанымын білдіреді.


Жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны туралы


2023 жылғы шілдеден бері жүзге жуық адамның жұмыстан босатылғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сай емес. Аталған кезеңде Қоғамның қызмет бағыттарының өзгеруіне, Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі міндеттердің кеңеюіне, сондай-ақ Қоғамның өңірлік даму институты ретінде трансформациялануына байланысты оның ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.

Ұйымдық құрылымды өзгертудің орындылығы Қоғамның басқару органында қаралды. Бұл шешімнің экономикалық негіздемесі – Қоғамдағы басшылық лауазымдарды (оның ішінде Басқарма төрағасының орынбасары, аппарат басшысы – корпоративтік хатшы, тәуекел-менеджер және департамент директорларының 3 штаттық бірлігін) қысқарту есебінен еңбекақы төлеу қорын азайту.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы негізінде (жұмыскерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты) жұмыс берушінің бастамасымен 9 қызметкердің еңбек шарты бұзылды (2024 жылы – 3, 2026 жылы – 6).

Бұдан бөлек, жұмыс берушінің бастамасымен тағы 3 қызметкердің еңбек шарты бұзылды. Атап айтқанда:

2023 жылы – 1 қызметкермен ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы негізінде (бір жұмыс күні ішінде дәлелді себепсіз қатарынан үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмауына байланысты);

2025 жылы – 1 қызметкермен ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасы негізінде (зейнеткерлікке шығуына байланысты);

2026 жылы – 1 қызметкермен ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде (аттестаттау нәтижелері бойынша).

Қалған еңбек шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 56-бабы негізінде, яғни қызметкерлердің өз бастамасымен бұзылған.

Осылайша, қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылғаны туралы мәлімдеме шындыққа сәйкес келмейді.


Еңбек шарттарын тоқтатудың заңдылығы туралы


«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі жүргізген тексеру барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы негізінде еңбек қатынастарын тоқтатуға қатысты заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Айта кету керек, еңбек шарттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіп пен кепілдіктер сақтала отырып тоқтатылды.

Қоғамда қызметкерлерді жоспарлы аттестаттау соңғы бес жыл ішінде бір рет қана өткізілді. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде бір еңбек шарты тоқтатылды.


Кәсіпкерлердің өтінімдерін қарау мерзімдері туралы


Кәсіпкерлердің өтінімдерін қарау мерзімдерінің созылуы мүмкін екендігі туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Ертіс» ӘКК-не келіп түсетін жобалар Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаралады.

Жобаларды қарау және іске асыру белгіленген рәсімдер, қажетті келісулер мен ұсынылатын құжаттамаға қойылатын талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.


Өзге де таралып жатқан ақпарат туралы


Қоғам мен оның басшылығының ықтимал әрекеттеріне қатысты ақпараттар дәйекті деректерге негізделіп, қажет болған жағдайда тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

Акционерлік қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін расталмаған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға әкеп соғуы ықтималдығын ескеруді сұраймыз. «Ертіс» ӘКК өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген тәсілдерін қолдану құқығын өзіне қалдырады.


Қоғамның ашық диалогке дайындығы


«Ертіс» ӘКК бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық диалог құруға әрдайым дайын және өз қызметі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар аясында ұсынады. Жариялануға жататын құжаттар мен мәліметтер Қоғамның spkertis.kz⁠ ресми интернет-ресурсында орналастырылады.