Соңғы уақытта Өскемен қаласының тұрғындары арасында белгісіз тұлғалардан қоңырау шалу немесе хабарлама жіберу жағдайлары жиілеп кетті, бұл адамдар өздерін «Ертіс» ӘКК» АҚ қызметкері ретінде таныстырып, қантты төмендетілген бағамен сатып алуды, ақшаны карточкалық шотқа аудару арқылы немесе басқа тәсілмен алдын ала төлеуді ұсынады.
«Ертіс» ӘКК» АҚ Өскемен қаласы тұрғындарының назарына көрсетілген фактілердің алаяқтық белгілері бар екенін жеткізеді, өйткені біздің компания қызметкерлері мұндай әрекеттерді олардың заңсыздығына байланысты жүзеге асырмайды. Осыған байланысты, сақ болуларыңызды және осындай қоңыраулар немесе хабарламалар болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді (оның ішінде қантты) сату бағаны тұрақтандыру бағдарламасының павильондарында, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК» АҚ серіктестері болып табылатын дүкендерде ғана қатаң сатылатынын ескертеміз.