21.06.2023 жылы "Ертіс "ӘКК" АҚ комплаенс-қызметімен ұйым ұжымында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы "Ертіс "ӘКК" АҚ ішкі құжаттары"тақырыбында дәріс өткізілді.
Ұжымның назарына Директорлар кеңесінің "Ертіс "ӘКК" АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережені қабылдағаны туралы жеткізілді, оған комплаенс-офицердің жеке лауазымы енгізіледі. Сонымен қатар, дәріс барысында "Ертіс "ӘКК" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі аспектілері және "Ертіс "ӘКК"АҚ мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ережелер қаралды.