"Ауыл аманаты" жобасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі «АМАНАТ» партиясымен бірлесе отырып, бүкіл Қазақстан бойынша ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып, мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл Аманаты»жобасын қолға алды.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары шағын және орта кәсіпкерлікті ашу мен дамыту үшін 8,625 млн теңгеден (жеке шаруа қожалықтары үшін) 27,6 млн теңгеден (кооперативтер бойынша) 2,5%-бен жеңілдетілген несие ала алады.

Несие мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін, кепіл ретінде жылжымайтын мүлік қабылданады. 

🔹Қосымша ақпарат алу үшін call-орталық желісі бар: 8-705-120-53-67