Басты бет / Жаңалықтар / Таңат Сағатұлы: «Ауыл аманаты» туралы ақпарат жұртқа барынша қолжетімді болуы керек»
Новости и статьи 21 қыркүйек, 2023

Таңат Сағатұлы: «Ауыл аманаты» туралы ақпарат жұртқа барынша қолжетімді болуы керек»

Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жан-жақты талқылау жалғасуда. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мамандары бұл мақсаттағы іс-шараларға белсенді қатысып, қызметтік құзіреттегі атқарылып жатқан істер барысынан көпшілікті құлағдар етуде.

Бұл жолы «Amanat» партиясының ШҚОФ өткізген конференцияда бірқатар мәселелер қозғалды. Шағын және орта бизнес, су үнемдеу мәселелері, шағын кәсіптерді орталандыру үрдісі, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы саласын қолдау және т.б. «Ертіс» ӘКК» АҚ өкілі Таңат Сағатұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасының барысы туралы жиылған көпшілікті хабардар етті. Облыстың түкпір-түкпірінен келіп түскен жобалардың жалпы құны биылғы жылға бөлінген қаражаттан әлдеқайда көп екені айтылды. Бұл жағдай, сәйкесінше, қосымша қаражат бөлінуіне деген сұранысты көрсетеді. Таңат Сағатұлының айтуынша, қарқынды түрде атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында маңызды сәттердің бірі – бағдарламаның басталғаны, игерілу барысы және тәмамдалуы туралы тұтынушыларды уақтылы ақпараттандыру. Өйткені, бұл жолғы ағымға үлгермегендер