ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ – БАСТЫ МАҚСАТ
05 қазан, 2023

«Ертіс» ӘКК» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға лайықты назар аударады. Бұл тұрғыда Акционерлік қоғамдағы штаттық комплаенс-офицер Ринат Арыстанбек сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алудың кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда.

Аталмыш жоспар аясында 2023 жылдың 4-қазанында «Ертіс «ӘКК» АҚ «Мемлекеттік бағдарламалар және несиелеу департаменті» қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары тарқата айтылып, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың оңды болуына ықпал ету мен корпоративтік әдепті сақтау бойынша профилактикалық ақпарат беру іске асырылды. Іс-шара барысында түрлі сұрақтар түсіп, оларға нақты жағдаяттық мысалдар келтіру арқылы жауап берілді.