«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бағаны тұрақтандыру бағдарламасы аясында жеміс-көкөніс өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлерді меморандум жасауға шақырады. Бағдарламаға қатысу шарттары төмендегідей:
– 2023 жылдың 1-қарашасынан бастап көкөністің 4 атауын сатуға шығару: картоп, сәбіз, сарымсақ, қырыққабат;
– өнім саудалық үстемесіз сатылады (баға үстіне қосымша құн қосылмайды);
– күнделікті тауар жеткізу, «ертеңгі күнге» өтінімдерді орындау;
– бұзылған өнімдерді жеткізуші алмастырады немесе компенсациялық жеңілдік жасалады;
– сауда орны тұралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
– сауда орны маңында басқа тұрақтандыру қорының нысандары болмауы.
Меморнадум жасасу үшін қажетті құжаттар – Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігін растайтын хабарлама-талонының көшірмесі немесе ЖШС ретінде тіркелгендігін растайтын анықтама.
Меморандумға қол қою рәсімі 2023 жылдың 9-қазанында Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 36 үй, 306 кеңседе жүзеге асады. Қосымша ақпаратты 8-7232-701-143, 8-7232-705-042, 8-778-860-75-18 телефон номерлері арқылы ала аласыздар.