НЫСАНАДА – ТҰРАҚТАНДЫРУ!

"Ертіс" ӘКК" АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру бойынша уәкілетті өңірлік ұйым болып табылады. ӘМАТ тізбесі Үкіметтің қаулысымен бекітілген және азық-түлік тауарларының 19 түрін қамтиды. «Бағаны тұрақтандыруды іске асыру жөніндегі облыстық комиссия» нарықтағы ағымдық және болжамды жағдайға байланысты маңызды тауарларға қатысты шешімдер қабылдайды.

          Комиссияның шешімдеріне сәйкес қазіргі уақытта 9 тауар түрі бойынша тұрақтандыру тетіктері іске асырылуда (4 - жеміс-көкөніс және 5 – арпа-бидай, бакалея тобы).

2023-2024 жылдардың маусымаралық кезеңінде 10 мың тонна жеміс-көкөніс алуға алдын ала келісім жасалған. Олардың қатарында картоп – 5500 тн., сәбіз – 1550 тн., сарымсақ – 1400 тн., қырыққабат – 1400 тн. бар. Ал аталмыш көкөністердің бағаларына келсек, картоп пен сәбіз 1 келісі 120 теңгеден болса, сарымсақ – 110 тг., қырыққабат 100 тг/кг. болып бекітілді.

Бұл өнімдерді баға тұрақтандыру мақсатында сату қараша айында (1.11.2023) басталмақ. Ал  тазартылған күріш, қарақұмық жармасы, қант, өсімдік майы және макарон өнімдері бойынша тұрақтандыру қоры мәміле жасасқан жалпы азық-түлік көлемі 5 мың тоннадан астам және ол үнемі айналыста.

  • Қант – 459 тг/кг
  • Қарақұмық – 320 тг/кг
  • Өсімдік майы – 630 тг/лт
  • Макарон – 285 тг/кг
  • Күріш – 460 тг/кг

Айта кету керек, бағаны тұрақтандыру механизмдерін қолайлы атқару мақсатында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Алтай» көтерме-тарату орталығы құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Бұл нысан жалпы ауданы 20 мың шаршы метр көкөніс қоймаларынан және ауданы 2,2 мың шаршы метрді құрайтын кросс-доктан тұратын болады. Аталған нысандар әлеуметтік маңызды азық-түліктерлдің жеткілікті қорын құруға және сақтауға мүмкіндік береді. «Алтай» орталығының құрылысы, іске қосылуы барысы бойынша қалалықтарға қосымша ақпарат берілді.

Тұрғындарға құлаққағыс, маңызды азық-түлік бағалары, сондай-ақ, олардың сатылу орындары туралы өзекті әрі уақтылы ақпарат корпорацияның ресми сайтында www.spkertis.kz және әлеуметтік желідегі парақшасында @spk_ertis жарияланатын болады.

          Қазіргі сәтте «Ертіс» ӘКК» АҚ салалық кәсіпкерлермен тұрақтандыру қорының азық-түліктерін сату жөнінде меморандум жасасу процесі жүріп жатыр. Еске сала кетейік, аталмыш азық-түліктер ағымдағы жылдың 1-қарашасынан бастап сатылымға қойылады.



«Ертіс» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі