Басты бет / Жаңалықтар / «Өркен-КШТ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ОРНАЛСПАҚ
Новости и статьи 17 қараша, 2023

«Өркен-КШТ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ОРНАЛСПАҚ

«Ертіс» ӘКК» АҚ өкілдері «ТАМИЛА плюс» ЖШС басшылығымен жоспарланып отырған инвестициялық жоба бойынша кездесу өткізді. Жиынға АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Таңат Сағатұлы, инвестициялық жобалары жүзеге асыру департаментінің директоры Аслан Смағұлов және аталмыш ЖШС басшысы Айнаш Садықова қатысты.

Кездесу аясында «Минералды су мен алкогольсіз сусындар шығару зауытының құрылысы» атты инвестициялық жоба және оны жүзеге асырудағы түйткілді мәселелер талқыланды.

Аталмыш жобаны Өскемен қаласындағы «Өркен-КШТ» индустриалық аймағында 10 га жер телімінде жүзеге асыру көзделіп отыр. Қажетті инвестиция көлемі 7,0 млрд. теңгені құраса, ашылатын жұмыс орнының саны 120 деп көрсетілуде.

Бұл жобаны іске асыру аталған индустриалық аймаққа қажетті инфрақұрылым 2024-2025 жылдарда толық тартылған соң ғана қолға алынбақ.

Кездесу барысында компанияның қазір істеп тұрған сусын шығару зауаытына экскурсия жасалды. ӘКК өкілдері жұмыстың барысымен, өндірістік технологиялармен танысты.