Басты бет / Жаңалықтар / ҚЫЗМЕТТЕГІ БАСТЫ БАҒЫТ – ТИІМДІЛІК
Новости и статьи 12 желтоқсан, 2023

ҚЫЗМЕТТЕГІ БАСТЫ БАҒЫТ – ТИІМДІЛІК

«Ертіс» ӘКК АҚ жүйелі жұмыс, ашықтық пен жариялылық принциптерін ұстана отырып кезекті Басқарма отырысын өткізді. АҚ Төрағасы Басқарма мүшелерімен бірлесе күн тәртібіндегі сұрақтарды қарастырды. Бұл жолғы отырыста ағымдық жылдың кіріс-шығыстары бойынша көрсеткіштері мен алдағы 2024 жылға арналған бюджеттік жоспарлау талқыланды.

Төраға тарапынан Басқарма отырысын жоспарлау және өткізу бойынша тиімділікті арттыратын өзгерістер енгізу өзектілігі айтылды. Сондай-ақ, Мемлекеттік бағдарламалар және несиелендіру департаменті «Ауыл аманаты» қызметтерін автоматтандыруды жүзеге асырып, заман талабына сай техникалық жабдықтау қажеттілігі де алға тартылды. Сондай-ақ, комплаенс-офицер жұмысын халықаралық комплаенс қызметі стандарттарына сәйкестендіру жолында 2024 жылы «цифрлық комплаенс» жүйесі арқылы жұмыс атқарылатын болады.

Ағымдық жылы жаңадан құрылған Инвестициялық жобалар департаментінің қызметі тың жобаларды тартуда тиімділігімен көзге түсті. Ал құрылыс департаменті мамандарының түйткілді мәселелерге қарамастан, табыстылық тұрғысынан нәтижелі еңбек етуі аталып өтті. Мемлекеттік бағдарламалар мен несиелендіру департаменті болса, биыл облыста тұңғыш рет атқарылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында түскен жүздеген өтінімдерді автоматты жүйенің болмауына қарамастан жедел қарқында, 1 айдан асар-аспас уақытта қарастырып, 213 адамға жеңілдікпен несие алуларын жүзеге асырды. Ал Активтерді басқару департаменті өз кезегінде ағымдағы жылы бірінші рет gosreestp ашық электронды порталы арқылы конкурстық негізде сауда павильондарын сәтті үлестірді. Баға тұрақтандыру департаменті биыл Комиссия тарапынан тұрақтандыру бағдарламасына енгізілмеген І-санатты жұмыртқа бағасын тұрақтандыруда тізгінді қолға алып, шешім ұсынуда бастамашыл болды.

Аймақтық дамыту институты ретінде бағыт алып,  қызмет жүргізуде тың көзқарастар қолға алынғандықтан «Ертіс» ӘКК қызметкерлерінің әрқайсы бастамашылдық, нәтижелілік, тиімділік талаптарына сай болу маңыздылығы алға тартылды. Жаңа жылға жаңа мақсаттармен, жарқын қырлармен, біліктілікпен!