Басты бет / Жаңалықтар / АЙҚЫН БАҒДАР – ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ мен ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТІК
Новости и статьи 12 желтоқсан, 2023

АЙҚЫН БАҒДАР – ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ мен ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТІК

11 желтоқсандағы Басқарма отырысында «Ертіс» ӘКК» АҚ (Қоғам) комплаенс-офицері Ринат Арыстанбек сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау әрекеттері тұрғысынан жылды қорытындылап, атқарылған жұмыс пен алдағы бағыт-бағдар бойынша баяндама жасады. Естеріңізге сала кетсек,

ағымдағы жылы Қоғамға «комплаенс-офицер» лауазымы енгізілген болатын. Жалпы, бұл үрдіс Президент Қ.Тоқаев 2020 жылы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын. Ондағы түзетулер квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ұйым қызметкерлерінің, сондай-ақ оның контрагенттерінің парасатты және әдепті мінез-құлқының корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құруды көздеген еді.

«Ертіс» ӘКК» АҚ комплаенс-офицерінің негізгі мақсат-міндеті Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру, профилактикалық жұмыс және барлық құжаттардың ішкі жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыстарын жүргізу, анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою шараларын қабылдау.

Халықаралық комплаенс қызметі стандарттарына Қоғам қызметін сәйкестендіру жолында комплаенс-офицердің қатысуымен 6 құрылымдық департаментке ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Департаменттің атқарып отырған жұмыстары, олардың міндеттері, функциялары, құқықтары мен жауапкершіліктері, сондай-ақ, лауазымдық нұсқаулық, бизнес-процестерді ұйымдастыру, тиісті шешімдер қабылдау бағытын қамтыған талдау тиісті нәтиже берді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысында бірқатар лауазымдар мен функциялар сәйкессіздіктері мен құжатнамалық кемшіліктер анықталды. Оларды жойып,  заң талабына сәйкестендіру бойынша комплаенс-офицермен 35 ұсыныс енгізілді.

Жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында комплаенс қызметінің арнайы жұмыс жоспары бекітілді. Соған сәйкес қадам-қадаммен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық тәуекелі болуы ықтимал деген лауазымдар тізімі де жасалып, ерекше назарға алынып отыр.

Қазіргі уақытта бұл бағытта көптеген халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Алайда, бірқатар сарапшылар пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің іс жүзінде тиімді жүйесін құруға Халықаралық стандарттау ұйымы әзірлеген ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты дөп келеді. Биыл «цифрлық комплаенс» атаулы арнайы жүйелік бағдарламаны сатып алу бойынша жұмыстар бастылп кетті, 2024 жылы комплаенс қызметі тек осы бағдарлама арқылы жүзеге асырылмақ.

Ішкі талдау тамыз-қыркүйек айларында жүргізілді. Мұнда ұйымдастыру-басқарушылық процестерін зерделеу, бизнес-процесстерді қарастыру, ұжымды басқару сияқты салалар қамтылды. Қорытынды шығарылып, тиісті іс-шаралар бекітілді.

Бүгінгі таңда Қоғамда қызметкерлер бойынша да мемлекеттік базадан арнайы анықтамалар алынып отырылады, талапқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемелерді алу туралы қызметкерлер келісімін өз еркімен жазбаша беруде.

Барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың комплаенс-офицерлері тоқсан сайын ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен облыстық әкімдікке ішкі тәуекелдерді саралау мен профилактикалық бағыт бойынша есеп беріп отыратынын да айта кету керек.

Төраға тарапынан ұсынымдардың және Қоғамға келіп түскен құжаттар мен өтініш, арыз-шағымдардың орындалуын қадағалауда атқарудың сапасы мен жеделдігіне айрықша мән беру қажеттігі тапсырылды