ҮШ САУДА ПАВИЛЬОНЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
12 сәуір, 2024

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арнайы конкурстық рәсімдеулерден кейін тұрақтандыру бағдарламасының 3 сауда павильоны қайта іске қосылғанын хабарлайды. Бұл – Индустриальная-1, Қазақстан-72 және Славский-3 мекен-жайларында орналасқан үйлер маңындағы павильондар. Айта кету керек, аталмыш сауда орындары орналасуы бойынша сұранысты қамтып, әлеуметтік маңызды азық-түліктің қаланың әр бөлігіндегі тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.

Қайта ашылған павильондарға әлеуметтік маңызды 11 түрлі өнім тұрақтандыру бағдарламасы аясында түгелдей жеткізіліп үлгерді, сонымен қатар, басқа да азық-түлік кәсіпкерлер тарапынан сатылымға қойылды. Әр сауда орнында корпорация тарапынан бекітілген бірыңғай бағалар ілініп, кері байланысқа кез-келген сұрақпен хабарласуға мүмкіндік беретін телефон номерлері орналастырылды.