Басты бет / Жаңалықтар / ҚОР ЖЕТКІЛІКТІ! Баға тұрақтандыру бағдарламасы маусымаралық кезеңге дайын
Новости и статьи 12 сәуір, 2024

ҚОР ЖЕТКІЛІКТІ! Баға тұрақтандыру бағдарламасы маусымаралық кезеңге дайын

Баға тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызды деп бекітілген 19 азық-түлік тауарының 11 түріне баға тұрақтандырылып келеді. Оның 4-еуі көкөніс өнімдері болса, 7-еуі бакалея тобы. Бакалеяға жыл бойы, ал көкөніс өнімдеріне жыл сайын қарашадан бастап шілденің соңына дейін баға тұрақтандырылып отыр. Қазір қалған қор мөлшері бакалея тобы бойынша 2000 тоннадан астам, көкөністер бойынша 1900 тонна(кестеде көрсетілген).

Көкөніс өнімдері бойынша:


Атауы

Баға

Сату басталуы

Келісімшарттың аяқталуы

Межелі көлем (барлығы) тн

9.04.2024ж. қалғаны, тн

1

Картоп

120

01.11.2023

15.05.2024

5 500

1 138

2

Сәбіз

120

01.11.2023

01.05.2024

1 550

179

3

Пияз

110

01.11.2023

01.05.2024

1 400

162

4

Қырыққабат

150

01.04.2024

30.07.2024

100

94

 

Бакалея өнімдері:

1

Қант

437

02.01.2024

02.01.2025

1 550

1 132

2

Күріш

460

03.10.2023

03.10.2024

476

229

3

Жұмыртқа (1 кат.)

57

04.12.2023

21.04.2024

1 200

480

4

Күнбағыс майы

630

13.12.2023

13.12.2024

660

457

5

Қарақұмық

250

13.12.2023

13.12.2024

405

281

6

Макарон

285

13.12.2023

13.12.2024

220

151

7

Тұз

70

13.12.2023

13.12.2024

137

94


Сауда нарығында былтырғы өнімдер сарқыла бастайтын, ал биылғы өнімді егу енді ғана қолға алынатын маусымаралық кезеңде баға шарықтауына жол бермеу аса маңызды. Осыны ескере отырып, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ маусымаралық кезеңге тағы 500 тонна көкөністі контрактілеп қойды. Яғни, бұл өз кезегінде, сауда павильондарындағы сөрелерде өнім жетіспеушілігін болдырмауға, дефициттің алдын алуға мүмкіндік беретін қадам. 

Еске сала кетсек, баға тұрақтандыру бағдарламасының сауда павильондары тізімі мен мекен-жайлары корпорацияның ресми сайтында spkertis.kz «Баға тұрақтандыру бағдарламасы» бөлімінде орналасқан.


 «Ертіс» ӘКК АҚ баспасөз қызметі