«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ баға тұрақтандыру бағдарламасының сауда павильондарында қырыққабат 1 келісіне 130 тг-ден 110 тг-ге, ал пияз 120 тг-ден 100 тг-ге арзандады. Айта кету керек, жалпы, баға тұрақтандыру бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызды деп танылған жеміс-көкөніс өнімдерінің құны 150 тг-ден аспауы керек. Бүгінгі Корпорацияның сауда павильондарында 100-150 тг аралығында баға тұрақты ұсталуда. Ал тауарлар құнының 10-20 тг-ге артуы немесе арзандауы жеткізуші серіктеспен өзара қол жеткізген келісімнің шарттарына байланысты.
Еске сала кетсек, осыған дейін тұрақтандыру бағдарламасында келісімшарт бойынша серіктес жеткізуші тарап «Приречное» агрофирмасы» ЖШС болатын. Арадағы келісімшарттың мерзімі аяқталды. Мамырдан бастап әлеуметтік маңызды азық-түлік қатарындағы көкөніс өнімдерін «Алтай» көтерме-тарату орталығы жеткізе бастады.