Басты бет / Жаңалықтар / «Кең дала 2» бағдарламасы - астық жинау науқанына тамаша қолдау
Новости и статьи 09 тамыз, 2024

«Кең дала 2» бағдарламасы - астық жинау науқанына тамаша қолдау

Шығыс Қазақстанда астық жинау науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. Аграршыларда«Кең дала 2» бағдарламасының арқасында өз жоспарларын табысты және уақтылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар. «Ертіс» ӘКК» АҚ қызметкерлері ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кеңес беру жұмыстарын жалғастыруда және осы бағдарлама бойынша қаражатты игерудің алғашқы нәтижелері де бар. Тамыз айының басында бағдарлама аясында 1,5 млрд. теңге несие берілді. Жалпы, бұл ретте агробизнесті мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін жүзеге асыруғаәр өңірдегі әлеуметтік корпорациялар ары қарай да белсенді қатысады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылы«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен тиісті келісім жасай отырып, «Кең дала 2» бағдарламасын іске асыруды қолға алды. Бұл бағдарлама облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне егіс және егін жинау жұмыстары шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікпен несиеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Ертіс» ӘКК» АҚ Мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры Дидар Мажириновтың айтуынша, бұл қаржыландыру бағдарламасы шаруа қожалықтары мен қайта өңдеу кәсіпорындары үшінаса өзекті әрі қолайлы болмақ.

– «Кең дала 2» несиелеу бағдарламасының барлық қарыз алушылары үшін жылдық 5% мөлшерлеме қолданылады, бұл мөлшерлеме басқа да мемлекеттік несиелеубағдарламаларындағы сияқты субсидия күтудің қажеті жоқ. Бұл ретте кәсіпкер кепілдік қамтамасыз ету үшін қарыз сомасының 85% -ы мөлшерінде «ДАМУ» қорының кепілдігін ресімдей алады.

Бұрын ауыл шаруашылығы саласында «Аграрлық несие корпорациясы» немесе екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру мүмкін болса, қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы да қарыздарды рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды.

«Ертіс» ӘКК» АҚ аталмыш «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жеңілдікпен несие алуға өтінімдер қабылдау әлі де жалғасып жатқанын хабарлайды. Колл-орталық нөмірі: 8-705-120-53-67


 «Ертіс» ӘКК» АҚ баспасөз-қызметі