Жер қойнауын пайдалану саласында Сіздің жобаңызды қалай іске асыруға болады?

«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларға кәсіпорынның жарғылық капиталына жер қойнауын пайдалану құқығын енгізу арқылы қатысады. Жобаны барлық қаржыландыру әріптес есебінен жүргізіледі. Әлеуетті инвестор хабарласқан кезде, ӘКК әріптесті таңдау бойынша конкурс өткізеді және жеңімпазбен бірлескен қызмет туралы шарт жасалады. Бірлескен қызмет туралы шартта ынтымақтастықтың негізгі шарттары анықталады (әріптес пен ӘКК құқықтары мен міндеттері, бірлескен кәсіпорынды құру, ӘКК және т.б. шығындарды қайтару  шарттары).
Бірлескен қызмет туралы шарт жасалғаннан кейін, ӘКК Құзіретті органға (ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне) тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім жолдайды және келісім-шартты жасау бойынша жұмысты бастайды. Келісім-шартты жасау рәсімі Құзіретті органның жұмыс топтарымен келіссөздер, 10 және одан аса мемлекеттік органдармен құжаттаманы келісу жүргізуден тұрады (Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, әділет министрлігі, ұлттық экономика министрлігі,  аумақтық экология, төтенше жағдайлар жөніндегі  департаменттер және т.б.) және уақыты бойынша 1,5-2 жылды алуы мүмкін.Әріптеспен келісім-шарт жасалғаннан кейін бірлескен кәсіпорын құрылады және жер қойнауын пайдалану құқығы тәуелсіз бағалаушының бағасына сәйкес жарғылық капиталға тапсырылады.